«Көшеге де шығармаған»: Алматыдағы пәтерлердің бірінен қараусыз қалған «Маугли» балалар табылды

0

Алматы пәтерлерінің бірінен «Маугли балалар» табылды. Медеу ауданында бірнеше жыл бойы үш кішкентай бала анасымен бірге тұрса да, ата-ана қамқорлығынсыз және қадағалауынсыз қалған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат бойынша, екі бала 2016 жылы, ал олардың інісі 2020 жылы дүниеге келген. Көршісінің айтуынша, балалар сұмдық жағдайда тұрған. Олар тұратын пәтердің іші түгелдей қоқысқа, тіпті адам нәжісіне толып тұр. Ал кенже баланың үстінде тіпті киімі де жоқ. Сондай-ақ ең кішкентай бүлдіршінде аутизм спектрінің бұзылуы болуы мүмкін екені анықталды.

«Олардың тәрбиесімен айналысу керек, ол өте арық, егер бірдеңе дұрыс болмаса, басын қабырғаға соғады, содан кейін қолымен ұрады. Өкінішті, оның туғаны оның кінәсі емес, ең болмаса оларды шомылдырып отыру керек қой», – деп шағымданды көрші әйел.

Фото: куәгерден

Бірнеше күн бұрын үш бала да Алматыдағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жеткізілді. Балалардың мүшкіл хәлін көрген мекеме қызметкерлері бұл жағдайды көріп жаға ұстады.

«Егер сіз олардың бізге келгенін көрсеңіз, қорқынышты болар еді. Біз адамдарға үйреніп қалғанбыз, ал балалар мұндайды бірінші рет көріп тұр. Олар мүлдем қоғамға бейімделмеген, ешкіммен араласпаған. Тіпті ең кішкентайы қасықты қалай ұстауды білмейді», – деді орталық қызметкерлері.

Фото: куәгерден

Орталық қызметкерлері балалардың анасының ішімдікке салынғанын, қазір ол емделуге жіберілгенін хабарлады. Әкесі олармен бірге тұрмайтын көрінеді.

«Балалар қараусыз, баспанасыз қалды. Қамқоршылық қызметкерлерінің түсірген суреттеріне қарағанда, балалардың жағдайы мүшкіл. Оларды көшеге шығармаған сияқты, сол уақытқа дейін олардың қалай өмір сүргенін білмейміз. Келесі күні тексеру кезінде кішкентай баланың аутизммен ауыратыны анықталды. Қазір біз барлық инстанцияларға, емханаларға жүгіндік, невропатологтарды шақырдық, оны тексеру үшін психиатр мен терапевтке жолдама бердік», – деді балаларды қолдау орталығының директорының орынбасары Нұргүл Елібаева.

Оның айтуынша, балалар бұл орталықта алты айға дейін бола алады. Әрі қарай олардың тағдырын сот пен қорғаншылық органдары шешеді. Егер анасы түзеліп, дұрыс жолға түссе, анасына қайтарылуы мүмкін.