Министрдің экс-кеңесшісі яхтада жартылай жалаңаш туған күнін атап өтті

0

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің экс-кеңесшісі Әлия Оспанова яхтада жартылай жалаңаш туған күнін атап өтті деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі. Туған күнінен бейне материалдарды Әлия Оспанова өз Instagram парақшасына жариялады. 

Әлия Оспанова АҚШ-тағы жеке бизнес мектебін бітірген. Он жылдан астам уақыт Microsoft, Ericsson, Elsevier ірі халықаралық корпорацияларында жұмыс істеді және басқарды. Қазақстан-Британ университетінің, Лондон Императорлық колледжінің, Quantic Вашингтон бизнес мектебінің түлегі. Өзбекстанның вице-премьерінің кеңесшісі болды және Өзбекстандағы халықаралық туризм университетін басқарды. 2022 жылдан бастап Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеген. Ол өзінің әлеуметтік желілерін белсенді жүргізеді.