Динара Сәдуақасова олигарх Болат Өтемұратовтың ұлына тұрмысқа шығады

0

Эксклюзив: танымал қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова олигарх Болат Өтемұратовтың ұлы Әнуарға тұрмысқа шығады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Біздің дереккөздің мәліметінше, жастар осы күзде той жасайды.

Еске сала кетсек, Динара Сәдуақасова — әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, Азия чемпионы (2019).

Биыл наурызда ол Ақордада президентпен кездескен.

Әнуар Өтемұратов – әкесі секілді кәсіпкер. Ол Қазақстанда Burger King франшизасына ие.