Астананы су басқаны үшін «Elorda eco system» директоры қызметінен босатылды

0

Elorda eco system директоры Тимур Шоданов Астанадағы су басу оқиғасынан кейін қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Kznews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қаланың нөсерлі кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан кейбір учаскелерді су басқаны үшін Elorda eco system директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды», — делінген Астана әкімдігі хабарламасында.

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Elorda eco system алдына жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылған: коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және т.б.

фото: ғаламтордан