Ұлытау облысында 23 жастағы жігіт суға батып кетті

0

Ұлытау облысында достарымен демалуға келген 23 жастағы жігіт суға батып кетті. Қайғылы оқиға түнде болған. Демалушылар Кеңгір су қоймасының солтүстік-шығыс жағалауына келген.

2000 жылы туған ер адамның қайтыс болғаны туралы құтқарушыларға марқұмның достары хабарлады. Оның денесі жағадан 8 метр қашықтықта табылды. Бұл жердің тереңдігі шамамен 4 метрді құрайды.

Сол жерде демалған куәгерге рұқсат етілмеген орында шомылғаны үшін айыппұл салынды.

ақпарат: Orda.kz