Ауыл шаруашылығы вице-министрі өз еркімен қызметінен кетті

0

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов өз еркімен қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Рүстем Жомартұлы Құрманов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды» деп жазылған хабарламада.

Құрманов Рүстем Жомартұлы 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимск ауылында дүниеге келген.

Ш.Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университетін «Агроөнеркәсіптік кешен секторындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.

фото: Orda.kz