«4 жасынан белдікпен сабайтынмын»: Актер Азиз Бейшеналиев өгей баласына жақсы әке бола алмағанын айтты

0

Қалың көпшілікке Мұстафа Шоқай бейнесімен танымал актер Азиз Бейшеналиев “Осколки” бағдарламасында жеке өмірі туралы айтып, жастықпен болған қателіктерін еске алды. 

Өнер иесі 23 жасында үйленіп, отбасылық өмірге қадам басқан.

“Мен бірінші әйелімді 22 жасымда кездестірдім. Оның 3 жасар ұлы болатын. Ол төртке келгенде біз азаматтық некеге тұрдық, бір жылдан соң некемізді заңдастырдық. Біз бірге тұратын болып шешкенде әйеліме “өгей ұлым мені әке деп қабылдауы керек” деп талап қойдым. Мұндағы ойым, оған әкесінің орнын жоқтатпау. Мен оған барынша туған әкесіндей қарауға тырыстым. Бірақ қолымнан келмеді. Біріншіден, өзім тым жас едім. Жасым небәрі 22-де. Екіншіден, мен әке тәрбиесінің қандай екенінен бейхабар едім. Анам 7 жасымда мені достарының үйіне жазға демалысқа жіберетін. Ол үйде анамның досы Артур Сергеевич, оның әйелі және мен тұрдым. Онда темірдей тәртіп болатын. Артур Сергеевич маған бірінші күні-ақ ескертті. “Мынау сенің қолыңнан келеді. Жасай алсаң, жарайсың, қолыңнан келмесе де ештеңе етпейді. Мынаны жасауға міндеттісің. Істей алсаң, жарағаның, жасай алмасаң, сабаймын. Мынаны жасауға болмайды. Тиіспесең, жарайсың, қол тигізсең, сабаймын” деп үйретті. Мысалы, үстел үстінде сөйлеуге тыйым салатын. Алда-жалда бір нәрсе айтып қалсам, ағаш қасығын жалап, маңдайымнан қойып қалатын. Тәртіп бұзсам, расымен сабайтын. Иә, қатты ауырсынатынмын, қорқатынмын. Бірақ онысына еш ренжімейтінмін. Себебі ол маған ескертті, ал мен бағынбадым. Өз кінәмді білетінмін. Мен бұл тәртіпті әкенің тәрбиесі деп білдім”, – дейді Азиз Бейшеналиев.

Актер дәл осы тәрбиені өгей ұлына қолданғанын және мұның дұрыс емес екенін кеш түсінгенін айтты.

“Өгей ұлымды осы тәртіппен өсірдім. Ол қазір 33 жаста. Төрт жасынан бастап оның анасымен бірге тұра бастадық. Ол өзінің өгей екенін білмеді, мені туған әкесі деп білді. Мен дәл сол тәрбиені өгей ұлыма бердім. Оған жасауға болатын және тыйым салынған дүниелерді айтып, ескерттім. Бірақ бұл тәрбиенің дұрыс емесін түсінгенде бәрі кеш еді. Ол ер жетіп кетті. Өгей балама жақсы әке бола алмадым. Ол 15 жасқа келгенде әйеліммен ажырасатын болып шештік. Ол кезде менің туған балам Сейтек 2 жаста еді. Сейтек менімен қалатынын айттым, ал өгей ұлымда таңдау құқығы болды. Сонда ол менің қаталдығыма қарамастан менімен қалғысы келетінін айтты. Кейін менің бірінші әйелім, өгей ұлымның анасы мен оның туған әкесі емес екенімді айтқан. 15 жасында оған бұл шындықты қабылдау өте қиын болды. Бұл нәрсе біздің қарым-қатынасымызға кері әсерін тигізді. Бір жылдан кейін ол: “Сен маған ешкім емессің” деген сөздерді айта бастады. Ал мен бірінші әйеліммен үзілді-кесілді ажырасқанда оның жасы 21-де, ұлым Сейтек 8 жаста еді”, – дейді өнер иесі.