Алматы облысында баланың аузы мен қолын байлаған әйел ұсталды
Полиция Алматы облысында баланың аузы мен қолын байлап, қызды қараусыз қалған ғимаратқа апарған әйелді ұстады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желілерде қысым көрсеткен әйелдің әрекеті қолданушылардың наразылығын тудырды
«Тергеу барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол – 1999 жылғы Т. есімді келіншек, Қарғалы ауылының тұрғыны. Күдікті Жамбыл облысының ауылдарының бірінде ұсталып, уақытша ұстау үшін арнайы полиция бөлімшесіне орналастырылды. Органдар ҚК-нің 126-бабы, 5-тармағының 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамға қатысты заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде”, – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.
Тәртіп сақшылары атап өткендей, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
Бұған дейін желіде баланың аузын және қолдарын айқастырып матамен байлап, көшеде ертіп жүрген бейнежазба тарады. Бұл көрініске куә болған ер адам оларды сыртынан жасырып бейнежазбаға түсіріп алған. Кәмелетке толмаған қыздың ата-анасы әйелге қарызын қайтармағандықтан, ол ашумен осындай әрекетке барған. Алайда жәбірленушінің анасы алғашында арыз жазудан бас тартты.