5 жасар қыздың өлімі. Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды
Жоғарғы сот кәмелетке толмаған қызды өлтірді деген күдіктінің үстінен үстіміздегі жылдың мамыр айында шығарылған заңсыз үкім фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізді, деп хабарлайды Kznews.kz Adyrna.kz порталына сілтеме жасап. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі жазды.
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды.
Естеріңізге сала кетейік, 13 шілде күні Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын. Кейіннен 5 жасар қыздың денесі көршісінің шатырынан табылды.