Украинадағы соғыста Қазақстанның тағдыры шешіліп жатыр – Ұзақбай Айтжанов

0

Мұндай пікірді белгілі кәсіпкер, дипломат Ұзақбай Айтжанов Abay LIVE Youtue арнасына берген сұхбатында айтты. 

«Ресейдің халық тұрып жатқан елді-мекендерге дейін қарамай бомбылап жатқанын көріп отырмыз. Ал Қазақстанның Украинадан қай жері артық? Құдай сақтап соғыс бізде емес, сол жақта басталып кетті. Украинадағы соғыста Қазақстанның тағдыры шешіліп жатыр десек, артық айтқандық емес. Оны түсінбеген адам не ақымақ, не сатқын. Соғыстың, аннексияның қаупі бізден әлі жойылған жоқ», — деді Айтжанов.

«Ресейдің соғыста дипломатиялық, саяси тұрғыда жеңілгені анық. Әскери жеңілістің де ауылы алыста емес. Қауіптісі – идеология, үгітпен, насихатпен уланған халқының жеңіс күтіп отырғаны. Олар үшін ең ыңғайлысы Қазақстанға кіріп шығу еді. Дегенмен қауіп арылмады. Бізді қорғайтын ешкім жоқ, ал Украинаны НАТО, Еуропа, АҚШ қорғап отыр. Ресей депутаттарының, тіпті Путин жеріміз туралы талай сөздер айтып, ниеттерін талай білдірді. Осының бәрін ести тұра неге сескенбеуіміз керек? Дайындалуымыз керек», — деп ескерту жасады кәсіпкер.

Сұхбаттың толық нұсқасын https://www.youtube.com/watch?v=_RjnyjThh-w сілтемесі арқылы көре аласыз