«Жүрегі кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін». Думан Мұхаметкәрімнің жағдайы күрт нашарлады

0

Журналист Думан Мұхаметкәрімнің денсаулық жағдайы күрт нашарлады. Бұл туралы қоғам белсендісі Дана Сәрсенбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Kznew.kz агенттігі Adyrna.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

Белсендінің айтуынша, журналистің өміріне қауіп төніп тұр.

Оның жүрегі кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін, бүйрегі ісіп кеткен, — деп жазды ол.

Айта кетейік, Думан Мұхаметкәрім кеше 25 күндік қамаудан шығуы керек болған. Алайда оны кейін қылмыстық іс бойынша жауапқа тартып жатқаны белгілі болды.