Семіздікті қой ғана көтереді — Павлодар әкімі парамен ұсталған орынбасары туралы пікір білдірді
Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов Павлодар әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаровтың ұсталғанына байланысты пікір білдірді.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте журналистер облыс әкімінен Павлодар әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты не ойлайтынын сұрады.
«Бұл туралы Мен сіз сияқты ғана білемін. Барлығын сот біледі. Сондықтан тергеу мен сот шешімінің аяқталуын күту керек деп айта аламын», — деді Асаин Байханов.
Ол қала әкімі қызметін атқарған кезде ТКШ бөлімінің басшысы ретінде өз жұмысын адал атқарғанын атап өтті. Алайда облыстың қазіргі басшысының айтуынша, адамдар өзгереді және бәрі де мемлекеттік қызметтің сынағына шыдай алмайды.
Ол бір кездері ТКШ бөлімінің басшысы болғанын айта аламын. Сол кезде жүктелген міндеттерді адал, жауапкершілікпен орындады. Оған не болғанын мен білмеймін. Қазақтарда «Семіздікті қой ғана көтері» деген сөз бар. Адамдар өзгереді. Менің ойымша, мемлекеттік қызмет және кез — келген жоғары позиция үнемі үлкен сынақтарға толы болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, кез — келген сынақтың нәтижесі жаза немесе сыйақы болмақ», — деп қорытындылады ол.
Фото: arnapress.kz