Қызбен кездесуге кеткен -Тұрлыханов қашып кеткен ұлы туралы пікір білдірді
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлының қашып кеткненіне байланысты пікір білдірді.
«Ғашық жігіт, біздің қайсымыз ғашық болмадық?! Қызбен кездесу үшін кетіп қалды. ИЯ, ақымақ, бірақ бұл жастық, сезім, эмоция. Қазір мен әке ретінде балам үшін алаңдаймын. Оның психологиялық жағдайы қоғамдық қысымға байланысты өзгеріске ұшырауда», — деп жазады Тұрлыханов өз парақшасында.
Ол сондай-ақ бірде-бір ата-ана баласына жаман тілек білдірмейтінін мәлімдеді.
«Құдай сақтасын, егер ол өзіне қол салса, мен қарап қалмаймын. Міндетті түрде кінәлі адамдар заңның барлық қатаңдығымен жазаланады», — деп қосты ол.
Ақпарат: t.me/zakonkz
фото: turkystan.kz