Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

0

Ақтау мен Жаңаөзенде дүмпулер сезілген.

Каспий теңізінде Астана уақыты бойынша түнгі сағат бір шамасында  жер сілкінісі болды.

Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі магнитудасы 5,4 балды құраған. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Баку тұрғындары бұл түнді ғимараттардың құлауынан қауіптеніп, көшеде өткізген. Бірақ әзірге оның салдары туралы ақпарат   жоқ.

Қазақстанның оңтүстік-батысында Ақтау мен Жаңаөзенде де дүмпулер сезілді. Әлеуметтік желілерде адамдар өткен түн туралы әсерлерімен бөліседі. Көбісі түнде кереуеттің дірілінен, басқалары люстралар, ыдыс-аяқтардың сылдырынан оянғанын айтады.

фото:  omore.city