Алматы облысында 300 бейне-бақылау камерасы орнатылмақ

0

Алматы облысында Цифрлық технологиялар басқармасы 2019 жылы құрылған. Ашылғандарына 4 жылдың көлемі болған салмақты сала бүгінгі таңда аймақтағы цифрландыру саласындағы саясатты жүзеге асыруға тікелей жауапты. Сонымен қатар, ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Жалпы, аталмыш басқарма «Технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының шеңберінде ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. Одан бөлек, «Ақылды қала» тұжырымдамасының негізінде облыс халқына өз қызметтерін ұсынуда. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Ақылдың айтуынша, «ақылды қалалар» санатына облыс орталығы Қонаев қаласы енеді екен. Сәйкесінше, облыстың бас шаһарындағы цифрландыру бойынша атқарылатын істер жоғарыда аталған тұжырымдаманың шеңберінде жүзеге асады.

«Қауіпсіздікке басымдық берер болсақ, қазіргі таңда Қонаев қаласында 308 бейне-бақылау камерасы орнатылған. Олардың барлығы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Биылғы жылы бақылау камералараның санын ұлғайту жоспарда бар»,-деді өз сөзінде басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Ақыл.

Айта кетейік, Қонаевтағы 6 көшенің қиылысымен қатар, 4 көшеге камера орнатылмақ. Жауаптылардың сөзіне сенсек, бұл жол-көлік оқиғаларының санының азаюына ықпал етпек. Қорта айтсақ, биыл облыс орталығында жалпы саны 300 камера орнатылады деп күтілуде.