Қазақ күресі Халықаралық Олимпиада ойындарының тізіміне енуі мүмкін

0

Бұл туралы «Қазақстан барысы» қорының ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтып берді.

«Қазақстан барысы» турнирін халықаралық деңгейге шығару бойынша бүгінге дейін ұлттық спорт түрлерін кеңінен дәріптеп келеміз. Мысалы, жапондықтардың сумо күресі, татарлардың белдесу күресі, ал бізде қазақ күресі бар. Біздің басты мақсат – қазақ күресін Олимпиада бағдарламасына енгізу. Бүгінде қазақ күресі елімізбен қатар алыс-жақын шетелде танымал. «Қазақстан барысынан» бөлек Еуразия және әлем барысын өткізіп келеміз. Қазақ күресін халықаралық аренаға шығаратын уақыт келді. Қазір бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Мүмкін 2028 жылы, мүмкін 2032 жылы болып қалар», — деді ол.