Ерұлан Жамаубаев «толық жауап бермейді» деген депутаттардың сынына жауап берді
Ерұлан Жамаубаев «толық жауап бермейді» деген депутаттардың сынына жауап берді.
«Министрліктердің құрамы департамент директорлары деңгейінде жаңартылатыны анық. Әр түрлі жағдайлар бар. Негізі жұмыс топтары нақты қойылған сұрақтарға жауап беруі керек. Кейбіреуі бір жерде сандарды білмей қалады, бір жерде олар нақты проблеманы түсінбейді немесе дұрыс шешім ұсынбайды. Бұл тек осы үкіметтің құрамы ғана емес, жалпы Парламенттің Үкіметпен өзара іс-қимылы. Сонымен қатар қазір депутаттар жаңарды, бір мандатшылар бар, әртүрлі партиялар бар, олардың талаптары да, көзқарастары әртүрлі.
Біз жұмыс істейміз, барлық мәселелерді сындарлы түрде шешеміз»,-деді премьер – Министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
ақпарат: Orda.kz
Фото: zakon.kz