Көлсайға интернет тартылды — Марат Сұлтанғазиев

0

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз маслихатын өткізді. Онда өңір басшысы 1 жылдағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.

Баспасөз маслихатында көтерілген өзекті мәселенің бір ұшы интернет жайына тірелді.

Жиынға қатысқан тілшілер қауымынан келіп түскен сауалда ғаламтордың жылдамдығына қатысты болды.

Қонаев қаласындағы демалыс орындарында 2G ғана ұстайды, мәселе қалай және қашан шешімін табады деген сұраққа, облыс әкімі былай деп үн қатты.

«Сұрағыңыз өте орынды. Туризмді дамытамыз десек, интернет мәселесін шешуіміз қажет. Бірнеше күн бұрын «StarLink» спутнигі арқылы Көлсайға интернет қосылды. Бұл жобаны бізге «Freedom» компаниясы ұсынды. Сол серіктестікпен келісімге отырдық. Ары қарай Қонаев қаласынан бастап облыстағы мектептерді, ауылдарды интернетпен қамтимыз. Тұрақты интернет биыл болады», – деді облыс басшысы.