Оңтүстік Корея тұрғыны екі баласын өлтіріп, мәйітін тоңазытқышта сақтаған

0

Оңтүстік Корея елінің полициясы жаңа туған екі нәрестесін өлтірді деп айып тағылып отырған әйелді қамауға алуға рұқсат сұрады. Күдікті шақалақтардың денесін бірнеше жыл бойы үйіндегі мұздатқышта сақтаған, деп хабарлайды CNN агенттігі.

30 жастағы әйел сәбилерін өлтіргенін мойындады және мұндай қадамға 12, 10 және 8 жастағы басқа үш баласын асырау үшін барғанын мәлімдеді. Екі шақалақ та тек бір күн ғана өмір сүрген.

Күдікті әйел 2018 жылдың қарашасында ауруханада босанған төртінші баласын тұншықтырып өлтіріп, оны мәйітін үйіндегі мұздатқышқа салып қойған. Сонымен қатар, 2019 жылдың қарашасында дүниеге келген бесінші баласының да өмірін дәл осылай қиған.

Полиция дерегінше, әйелдің күйеуі оның өз балаларын өлтіргені туралы білмегенін. Өйткені, күдікті жұбайына түсік жасатқанын айтқан.

21 маусымда полиция әйелдің үйіне тексеру жүргізді. Бұл уақытта күдікті өзінің қылмыс жасағанын мойындады. Бүгін әйел өзін қамауға алуға рұқсат беру жөніндегі тыңдауға қатысуы тиіс.

Yonhap агенттігінің мәліметінше, Оңтүстік Кореяда 2015 жылдан бері туған 2000-ға жуық нәресте ресми тіркелмеген.

Сондықтан елдің мемлекеттік аудит және инспекциялық комиссиясы 2015-2022 жылдар аралығында дүниеге келген, бірақ ресми құжат алмаған 2 236 балға қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отыр.