Мәскеуде термоядролық бомбаны жасаған азамат өз-өзіне қол салып, көз жұмды
Ядролық Физик Григорий Клинишов Мәскеу орталығындағы пәтерінде өз-өзіне қол жұмсады, — деп жазады gazeta.ru.
92 жастағы ғалымның денесін қызы 17 маусымда тапқан. Ер адам соңғы хатын қалдырыпты, онда ол туыстарымен қоштасқан. Клинишовтің жұбайы қайтыс болғаннан кейін жағдайы нашарлап кеткен. Денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болғаны айтылады.
Клинишов алғашқы кеңестік екі сатылы RDS-37 термоядролық бомбасын жасауға қатысқан азамат. Потенциалды қуаты 3 МТ болатын құрылғы 1955 жылы Семей қаласында сыналып, бірнеше ондаған адам жарақат алды.
фото: UN News