Саясат Нұрбек балаларының қайда білім алып жатқанын айтты
Саясат Нұрбектің балалары Солтүстік Кипрдегі британдық мектепте білім алған. Министр енді олар Қазақстанда білім алатынын айтты.
«Олар қазір Қазақстанда. Олар келді. Осында қарапайым мектепте оқитын болады. Құжаттарды тапсырамыз, әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз», — деді Саясат Нұрбек.
2022 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалғаннан кейінгі үкіметтің бірінші отырысында Саясат Нұрбек балаларының Қазақстанға оралып, кәдімгі мектепте оқуын жалғастыратынын мәлімдеді. Ол толық фоторепортаж беруге уәде берді.
Бірақ кейінірек, 2022 жылдың қыркүйегінде Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы журналистердің балаларды Қазақстанға әкелді ме, қай мектепте оқиды деген сұрақтарына жауап бере алмады. Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл сұрақ оның жеке өміріне қатысты және, өкінішке орай, балаларын күйзелткен. Біраз уақыттан кейін министр балаларының оқуын Солтүстік Кипрде жалғастыруға шешім қабылдағанын хабарлады. Саясат Нұрбек бұдан кейін шетелдік мектепте білім алу Қазақстандағы жекеменшік мектептердегідей қымбат емес, жақсырақ екенін атап өтті.
Фото:inbusiness.kz