Қазақстандық журналисті Грузияда өлтіріп кеткен

0

Қазақстандық журналистің Грузияда өлтірілгені туралы әріптестері хабарлады. Бұл туралы Lada.kz сайты жазды.

Қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің өлтірілгені туралы Назира Дәрімбет хабарлады. Оның айтуынша, Жанбота Төлеген мамыр айының соңында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен.
20 мамырда ол әріптестеріне Алматыдағы іс-шараға қатысу жоспарлары болғанын айтады, ал 21 мамырда Грузияның Телави қаласында оны өлтіріп кетті деген болжам бар.

«Жанботаның сыныптастары оның 21 мамырда Грузияда Телави қаласында өлтірілгенін хабарлады!!! Сұмдық! Мен сенбеймін, бұл қалай болды? Ол жерден Жанбота қалай табылды?»,- деп жазды Facebook парақшасында.

Әзірге қазақстандық мемлекеттік органдар кісі өлтіру туралы ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. Алайда желіде ҚР Грузиядағы консулы Еран Әбішевтің атынан жазылған құжат пайда болды. Онда 21 мамырда Телавиде Жанбота Төлеген өлтірілген. Грузия Қылмыстық кодексінің 108 – бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: t.me/orda_kz