Kaspi Астанадағы бөлімшелеріне жасалған шабуыл туралы: Кепілге алынған адамдардың ішінде клиенттер жоқ
Kaspi банкінің баспасөз қызметі қарулы азамат басып алған бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана кепілге алынғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Банк бөлімшесінде банк қызметкерлері ғана бар, клиенттер жоқ. Қызметкерлерге қоқан-лоқы жасап тұрған ер адаммен полиция келіссөз жүргізіп жатыр. Күштік құрылымдар және банк ешкімнің зардап шекпеуіне күш салады”, – деп мәлімдеді банк өкілдері.
Еске салайық, қарулы адам Астанадағы банктердің бірінің филиалына келушілерді басып алған. Ішінде жеті қыз бен бір күзетші бар екені хабарланды. Оқиға орнына арнайы жасақ келді.