50 млн. теңге жымқырған шенеунік Грузиядан экстрадицияланды
15 маусымда Грузиядан Қазақстанға 50 млн теңге жымқырды деген күдікпен Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары экстрадицияланды, деп хабарлайды Arbat.media.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын беру туралы өтінішті Грузия тарапы қанағаттандырған. Шенеунік лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған және бюджет қаражатын 50 млн теңгеге ысырап етті деп күдіктелуде.
Қылмыс жасағаннан кейін оған халықаралық іздестіру жарияланды, — деп атап өтті ведомстводан.
Ер адам Астананың тергеу изоляторына қамалды. Ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
фото: arbat.media