Петропавлда стадионды қалпына келтіру жұмыстары кезінде адам сүйегі табылды
Петропавлдағы стадионнан адам сүйегінің қалдықтары табылды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап. 14 маусымда сағат 09:59 шамасында Петропавл полиция басқармасының 102 жедел арнасына «Қарасай» стадионын қайта құру кезінде адам сүйектерінің қалдығы табылғаны туралы хабар түскен.
Сүйек қалдықтары 100 жыл бұрын сол аумақта болған зиратқа тиесілі екені анықталды.
Бұл дерек Петропавл полиция басқармасы екінші бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген.
instagram.com/sko_kz
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында репрессия жылдары атылған адамдардың сүйегі табылғанын жазған едік.