Кейінгі уақытта мәселеге Президент араласпай ештеңе шешілмейді — Жарқынбек Амантай
Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталының «Таразы» YOUTUBE жобасында Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай айтты.
«Әлеуметтік желілерден байқар болсақ, Абай облысына көрші өңірлерден техникалар жөнелтілді деп жатыр. Көштің басында Кеңес үкіметі кезінде шығарылған көліктер. Олар сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүрсе жүрді, жүрмесе ол да қалады. Оның сапасын бәріміз білеміз. Ал есебін қарасаңыз сол көліктер пәленбай миллион теңгеге алынған. Жылын қарасаңыз, жаңа. Біз осындай кәдеге жарамайтын қоқыстармен есептерді жабамыз. Кәдімгідей, көңілім құлазып қалды. Мынадай техникалармен қай уақытта өртті сөндіреміз. Осындай былық әр салада бар. Әсіресе, төтенше жағдайлар саласында. Әлі күнге шейін Ресейдің өндірісіне жалтақтап келеміз», — деп ашынды ол.
Сондай-ақ депутат Үкімет баяғыша қол қусырып отырғанын жеткізді.
«Бүкіл қаражат қолдарында Үкімет немен айналысуы керек. Бізде мынадай дүние қалыптасып қалған. Бәрінің ойы Президентке жақсы көріну не келген қызметке уақытша деп жауапкершілікпен емес, келесі сатыға трамплин ретінде қарау. Уақытша келдім, осы кезде ештең болмаса екен, Екібастұздың құбырлары жарылмаса екен, орман өрті болмаса екен деген сықылды. Амалдап өтіп кетейін деген азаматтардың кесірінен 30 жыл қордаланып қалып отырмыз», — дейді Жарқынбек Амантай.
фото: adyrna.kz