«ҚазМұнайГазды» шығынға ұшыратқан қонақ үйдің қазіргі жағдайы қандай?
Түркиядағы Kempinski қонақ үйіне иелік ететін мемлекеттік компания млрд теңге шығынға батты. Аудиторларда «мұндай компания өмір сүре ала ма?» деген сауал пайда болды.
2006 жылы бұл luxury-қонақүйді түсініксіз себептермен Қазақстанның ең басты мұнай-газ компаниясы — «ҚазМұнайГаз»сатып алды. Бұл қонақ үй акцияларының 75% — ы біздің мемлекетімізге, яғни «ҚазМұнайГаз»-ға тиесілі. 25% акция Түркия азаматтарының қолында.
2015 жылдан бастап мемлекет акцияның 75% -ын сатуға тырысқан еді, бірақ нәтиже болмады. Негізгі себеп — қазақстандық акционерлер бұл активті бақылауды жоғалтып алды. Ал қазір түрік қонақ үйінің тең иесімен соттасуда.
Компания көптеген жылдар бойы шығынға батып келеді. Қарыз мөлшері 99 млрд теңгеден асады. 2006 жылы Қазақстан қонақ үйдің 75% акциясын сол кездегі бағам бойынша 4 40,1 млн — ға сатып алды, бұл қазіргі таңда 5,06 млрд теңгені құрайды.
«ҚазМұнайГаз-Сервис» басшылығы компанияның әрі қарай жұмысын жалғастыратынына күмән жоқ. Себебі компания қонақүйдің операциялық қызметтеріне әрі қарай да қаражат бөлмек.
ақпарат, фото: t.me/protenge