«Еңбектің жемісі»: Қуандық Рахым көпшілікке су жаңа көлігін көрсетті (фото)

0

Отандық әнші Қуандық Рахым қырық күн бойы еліміздің өңірлерінде 70 концерт өткізіп, еңбегінің нәтижесіне су жаңа көлік сатып алған. Әнші темір тұлпарын Instagram парақшасында көпшілікке көрсетті, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

«Аллаға сансыз шүкір! Қырық күнге жалғасқан 70 концерттік ән сапарымызды Орал қаласында аяқтадық. Ал мынау сол еңбектің жемісі», — деп жазды Қуандық Рахым. Суреттен әншінің лентасы шешілмеген су жаңа көлігімен фотоға түскенін де байқауға болады.

Айта кетейік, Қуандық Рахымның таңдауы — Lexus LX 570 көлігіне түскен. Темір тұлпардың нарықтағы құны — 67 млн 140 мыңнан басталады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Қуандық Рахым көпшілікке алғаш рет қызын көрсеткен болатын. Әнші 2020 жылдың күзінде отбасын құрып, 2022 жылы алғаш рет әке атанды.