Екібастұз тұрғындары қаладан жаппай көшіп жатыр
Алдағы қыстан қорқып, екібастұздықтар қаладан жаппай көшіп жатыр, — деп хабарлайды qaznews.kz.
Қыста болған апаттан кейін жарнамалық сайттарда «пәтер сату немесе жалға беру» туралы көбірек хабарламалар көбейіп кеткен. Мысалы, сайттардың бірінде бір күнде пәтерлерді сату туралы 200 хабарландыру пайда болған. Жылжымайтын мүліктің құны өте төмен. Бұрын 9-10 миллион теңгеге бағаланған бір бөлмелі пәтерлер қазір 4-5 миллион, ал екі бөлмелі пәтерлер 7 миллион теңгені құрайды.
Сонымен қатар, әкімдік келесі жылыту маусымына дейін сегіз қазандық жөнделеді, зақымдалған құбырлар ауыстырылады деп сендіреді. Сондықтан олардың айтуынша, алаңдауға негіз жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қараша айында Екібастұздың барлығы дерлік ЖЭО-дағы коммуналдық апатқа байланысты жылусыз қалды.
Бұған дейін «Екібастұзтеплоэнерго» ЖЭО жөндеу жұмыстарының құны 15 млрд теңгені құрайтыны хабарланған болатын.
фото: Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»