«Өз елімде мұндай әрекет қалыпты»: Оңтүстік Кореяда жол ережесін бұзған Қазақстан азаматы ұсталды

0

Оңтүстік Кореядағы Инчхон-Ёнсу полиция учаскесі 27 мамырда жол жүру ережесін бұзып, ессіз күйде көлік айдады деген айыппен 39 жастағы А. есімді Қазақстан азаматын тұтқындады, деп хабарлайды kznews.kz сайты Herald Economy басылымына сілтеме жасап.

А. есімді азамат 24 мамырда 18:15-те Ёнсу-дон-ға бара жатқан жолда K5 көлігін қатты айдады деп айыпталып отыр.

Тілші түсіріп алған видеода 27 жастағы Б. және 22 жастағы С. есімді, ұлты қазақ қыздар автокөліктің артқы терезесіне отырып, денесін терезеден сыртқа шығарып, қолдарын жоғары көтеріп тұрғанын көруге болады.

А. есімді азамат полиция учаскесіне өз еркімен келді, оған қатысты тергеу жүргізілді.
Тергеу барысында А. мырза Б. және С. есімді әйелдерге бұлай істемеуін, оның қауіпті екенін ескерткенін айтты.

Б. ханым әрекетін Кореядағы жақын танысы бөпелі болғанын естіп, қатты қуанғаннан істегенін түсіндірді. Сондай-ақ ол «өз елімде мұндай әрекет қалыпты болғандықтан, ешқандай мәселе туындамайды деп ойладым» деп жауап берген тергеушілерге.
Арызданушы көлік бірден жылдамдығын арттырып, қозғалыс жолағын бірден ауыстырғанын айтқан. Бірақ жақын маңдағы камерадан полиция мұндай бұзушылықтың болмағанын анықтады.

Полиция қызметкерінің айтуынша, егер бұл әрекет негізгі тәртіпті бұзу деп танылса Б. және С. есімді азаматтарға да айыппұл салынады.