САМАТ НӘСІРҰЛЫ: Оғыздар Осман халифатын құрмақшы-ау. Енді бәрі тұран емес, тиран болады

0

Қоғам белсендісі Самат Нәсірұлы Түркиядағы Президент сайлауында Режеп Тайып Ердоғанның жеңіске жетуіне байланысты желіде пікір білдірді.

«Түркі әлемінің бір діңгегі шайқалды. Бағы қайтқан түркілердің одағы құрылмай-ақ қойсын. Енді қалғаны қараңғылық еді. Оған да келдік. Диктатор диктаторды қолдайды. Түріктер әділеттің ауылын алыстатып, зілзалада халқын қырып тастаған ер тумағыр деспоттың жемқор жүйесін қолдады. Оғыздар Осман халифатын құрмақшы-ау. Енді бәрі тұран емес, тиран болады», — дейді ол.

Samat Nasruli

Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді!