Елена Рыбакина әлеуметтік желіде жиі кибербуллингке ұшырайтын спортшылар қатарына қосылды
Әлемнің 4-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлеуметтік желіде жиі жағымсыз пікір алатын спортшылардың қатарына қосылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
World Sports Network компаниясы теннисшілерге қатысты кибербуллинг мәселесіне зерттеу жүргізген. Нәтижесінде Рыбакина желіде жағымсыз пікір алатын спортшылар қатарында екінші орынға тұрақтады.
Беларусь спортшысы Арина Соболенко кибербуллингке ең көп ұшырайтын спортшы атанған (Twitter желісінде 15%, Facebook-те 5%). Ал екінші орында Елене Рыбакина (10% және 4%) мен франциялық спортшы Каролин Гарсии (10% мен 1%) тұр.
Сонымен қатар ерлер арасында әлеуметтік желіде кибербуллингке жиі ұшырайтын сербиялық Новак Джокович (Twitter-де 15% және Facebook-те 11%) екен.