Димаш Құдайберген Қытайдан Президентпен бірге елге оралды

0

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KZNEWS сайты.

«Көк аспанда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік!», — деп жазған әнші.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген кеше «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекет басшыларын ресми қарсы алу рәсімінде ән шырқады.