Сирия Араб лигасына оралды
Сирияның Араб Лигасына мүшелігі 12 жыл бұрын оппозицияны аяусыз басып-жаншу салдарынан тоқтатылды, бірақ қазір ұйым мүшелері мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуге дайын, деп жазады Euronews.
Бұл шешімге ЛАГ мүшелері ұйымның Каирдегі штаб-пәтерінде дауыс берді.
Дамаск мүшелігі 2011 жылы демократияны қолдайтын наразылықтардың зорлық-зомбылықпен басылуына байланысты тоқтатылған еді, бұл азаматтық соғысқа әкелді. Қазір ЛАГ дипломатия жолын таңдады.
Египеттің Сыртқы істер министрі Самех Шукри:
«Біз дағдарысты шешудің жалғыз жолы (Сирияда) сыртқы араласусыз толығымен Сирияның ішінен келетін саяси шешім екеніне толық сенімдіміз», — деді.
Ақпарат: http://t.me/orda_kz
Фото: ru.armeniasputnik.am