23 азаматты Күдебаевтың келісімімен үтік басып, азаптаған — Бас прокуратура

0

Қазақстанның Бас прокуратурасы экс-генерал Серік Құдебаевқа тағылған айыптың анық-қанығын жариялады. Барлық бассыздық Күдебаевтың кесірінен болғаны анықтала бастады. 23 азамат азапталған.

«2022 жылғы 7-16 қаңтар аралығында оның үнсіз келісімімен полиция департаментінің ғимаратында 23 азаматқа қатысты жаппай азаптау қолданылды. Сонымен қатар С.М. Қүдебаевтың көз алдында оның қарамағындағылар Департамент аумағында жеткізілген адамдарды ұрып-соғып, бейнекамераларға жазып алған. Психикалық және физикалық зорлық — зомбылықпен, сондай-ақ бу үтігін қолданумен қатар жүретін тыйым салынған тергеу әдістерінің нәтижесінде аталған азаматтардың денсаулығына әртүрлі дәрежедегі зиян келтірілді», — деп Бас прокуратурада Құдебаевтың кінәсі толық дәлелденгенін атап өтті.

Ақпарат: http://t.me/orda_kz

Фото: stan.kz