Әкем елге өзі келді — Серік Күдебаевтың ұлы оқиғаға қатысты ақпарат берді
Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің елге өз еркімен келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Әкем елге өз еркімен келді. Менен кейінгі ініме қоңырау шалып, елге өз еркімен келе жатқанын айтқан. Әкемді көрмегеніме де 2 айдан аса уақыт болды. Тағылған айыппен келіспеймін. Себебі, халқына оқ атқан жоқ», — деді Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов.
Дәл қазір Талдықорғанда Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы болады деп күтілуде. Бірақ, журналистердің процесті күтіп отырғанына 2 сағаттан аса уақыт өтті, әлі басталмады.
Еске салайық, Талдықорғандағы Жетісу облыстық сотында Серік Күдебаевқа қатысты сот 2023 жылдың 5-қаңтарда басталды.