Оралда жаңа туған нәрестені қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйел үш баланың анасы болып шықты
Әйел 25 жаста, ажырасқан, анасымен және өгей әкесімен тұрады. Сәби дүниеге келген кезде оның үш баласы болған, үшеуі де мектеп жасына келе қоймаған кішкентай балалар, деп жазды «Мой город» басылымы.
Ол туралы облыстық «Ана үйі» ресурстық орталығының маманы Зәмзәгүл Шқанова айтып берді. Оның айтуынша, әйел үшінші баласына жүкті болған кезде дағдарыс орталығына көмек сұрап жүгінген, оған көмек көрсетілген.
«Оның денсаулығында ақау бар, жүктілік кезінде ол депрессияға ұшырап, қатты күйзелген болуы мүмкін. Ол – күйеуімен ажырасқан, діндар әйел. Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі алиментті тұрақты түрде төлеп тұрмаған, бірақ ол АӘК алып отыр», — деді Зәмзәгүл Шқанова.
2023 жылғы 24 сәуірде Оралда қоқыс жәшіктерінің бірінен нәресте табылды. Оны бір әйел тауып алды. Жылаған дауысты естіген әйел басында марғау екен деп ойлап қалған. Оның айтуынша, бала дамылсыз жылаған, үстіне киім болмаған. Бала шұғыл түрде қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылып, полицейлер Қылмыстық кодекстің 119-бабы «Қауіпті жағдайда қалдыру» бойынша қылмыстық іс қозғады. Сәбидің анасы анықталды. Оған 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуы немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе 45 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
Кейінірек дәрігерлер нәрестенің жағдайы интоксикация (улану), гипотермия (гипотермия) және гипогликемия (қандағы глюкоза концентрациясының төмендеуі) белгілеріне байланысты орташа ауыр екенін айтты.