Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлерін цифрландырудағы жаңа жүйе бойынша оқыту қолға алынды

0

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде басқарма Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлерін “Алматы облысының цифрлық көшірмесі” ақпараттық жүйесіндегі жұмыс бойынша оқытуды ұйымдастырды. Оқыту барысында сәулет және қала құрылысы саласындағы деректермен толықтыру бойынша бірқатар мәселелер талқыланды, сондай-ақ қызметкерлер АЖ функционалын жақсарту жөнінде ұсыныстар айтты, олар алдағы уақытта әзірлеушілер жүйеге енгізу үшін қаралатын болады.