АҚШ Қазақстанға үлкен ескерту жасады
АҚШ Қазақстанға Ресейге көмектескен жағдайда санкциялар салатынын айтып, қорқытты.
Қазақстанға АҚШ пен Ұлыбританиядан делегация келді. Олар Қазақстанды Ресейге санкциялық тауарлар жеткізуден сақтандырғысы келеді.
«Ресей Федерациясы қару-жарағын жаңарту үшін қажетті тауарлар мен компоненттерді алу үшін экспорттық бақылау мен санкциялардан жалтаруға тырысады. Жалтарудың бір жолы — тауарларды үшінші елдер арқылы жеткізу. Мен мұндай заттар мен тауарларды Ресей Федерациясының аумағына жеткізу АҚШ – тың экспорттық бақылауы мен заңнамасын тікелей бұзу екенін атап өткім келеді», – деді Қаржы министрінің көмекшісі.
Олардың ең үлкен алаңдаушылығы-компьютерлік чиптер, сондай-ақ ресейлік зымырандар мен дрондарға қажет интеграцияланған электронды жүйелерге арналған элементтер.
Санкциялар қазақстандық компаниялар мен банктерге қатысты болуы мүмкін.
фото: Globalmews.kz