Көкшетауда зират маңында пакетке салынған адам сүйектері табылды

0

Көкшетауда ескі зират аумағында пакетке салынған адамның сүйектері табылды деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24-сәуірде Көкшетау қалалық полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны хабарласып, «Бармашино» шағын ауданындағы аллея маңында, ескі зират аумағында адамның сүйектері және бас сүйегінің сынықтары салынған пакет табылғанын айтқан. Тұрғындар пакетті зират аумағын тазарту кезінде көрген.

«Шақырту орнына жедел-тергеу тобы барды. Тексеру кезінде сүйек қалдықтары табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», — делінген хабарламада.