20 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

0

20 сәуір күні Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында халықаралық іздеуде жүрген 1975 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматын анықтап, ұстады, деп хабарлайды  Kznews.kz порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Тексеру барысында шетелдік азамат Өзбекстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 97-бабының 2-бөлігі және 248-бабы 2-бөлігіне негізделген қылмыстық құқық бұзушылық, яғни қасақана адам өлтіру және заңсыз қару сақтау бойынша халықаралық іздестіру жарияланғаны анықталды.

1975 ж.т. шетел азаматының уақытша тұратын жерін тінту барысында Қазақстан аумағында тиым салынған діни кітаптар мен дискілер тәркіленді. Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды.

фото: polisia.kz