Бибісара Асаубаева «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атанды

0

Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын иеленді, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Arbat.media  сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы маңғыстаулық шахматшының анасы Лиана Таңжарықова атады.

Бибісара шахматтан «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атанды. Оған бұл атақты бүгін Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов табыстады. Айта кетейік, соңғы 30 жылда еліміз бойынша шахматтан еңбек сіңірген спорт шебері атағын ешкім алмаған, — деп мәлімдеді Лиана Таңжарықова.

Бибісара Асаубаева  бүгінге дейін әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, ерлер арасындағы халықаралық шебер атағын алған. Ол 2021-2022 жылдары қатарынан екі рет әлем чемпионы атанып, әлемнің ең үздік жас шахматшысы атағына лайықты деп танылды. Сонымен қоса, Бибісара 2021 жылы шахматтың рапид түрінен әлем чемпиоантының күміс жүлдегері, Азия чемпионы болған.

Ол таяуда ғана шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньнен басым түскен еді.

фото: sputnik.kz