Шымкенттегі дәрігерлер баланың миынан 15 құрт алған

0

Шымкенттегі дәрігерлер баланың миынан шамамен 15 құрт шығарды.
10 жасар бала үнемі бас ауруына шағымданған. Тексеру нәтижесінде дәрігерлер мидың эхинококкозын анықтады. Баланың миына паразиттер әсер еткені белгілі болды, деп жазады Otyrar.kz.

Дәрігерлер айтқандай, мидан шамамен 10-15 таспа құрт алынған. Кистаның ұзындығы 15 см және ені 10 см-ге дейін өскен.
Операция сәтті өтті, ол 2 сағатқа созылды. Науқас реанимацияда 2 күн жатып, кейін палатаға ауыстырылды. Бір аптадан кейін бала үйге шығарылды. Дегенмен, ол дәрігерлердің бақылауында.

фото: otyrar.kz