Сотта адвокат Арыстанбек Мұхамедиұлының жазасын үйқамаққа ауыстыруды сұрады

0

Астанада Ұлттық музейдің бұрынғы директоры, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты іс бойынша сот басталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты. 

Процесс Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатыр. Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де күдіктілер отырысқа онлайн режимде қатысып отыр. Себебі елордада қардың қалың түсуіне байланысты айыпталушы сот өтіп жатқан ғимаратқа жеткізілмеді.

Аталған іс судья Бағлан Ыдырысовтың қарауымен өтіп жатыр. Күдіктілерге бюджет қаражатын талан-таражға салу айыбы тағылған. Тергелген қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 миллард теңге деп бағаланды.

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты сотталушыны үйқамаққа жіберуді сұрады. Оның зейнет жасындағы адам екенін, әрі денсаулығы да жарамайтынын айтты.