Ағайынды Нығматулиндер зауытының жұмысшылары ереуілге шықты

0

13 сәуірде Жамбыл облысында «Қазфосфат» зауытының жұмысшылары ереуілге шықты, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Arbat.media сайтына сілтеме жасап.

Бұл зауытты Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары бақылайды.

Әлеуметтік желіде бейнежазба таратылды, онда аймақтағы жүздеген зауыт қызметкерлері ереуілге шығып, өз талаптарын айтты.

Жұмысшылар еңбек жағдайларын жақсартуды және жалақыларын көтеруді талап етті.

Олардың айтуынша, мәселеге саясаттың қатысы жоқ, олар тек еңбек жағдайларына алаңдайды.

фото:ult.kz