«Ертең ұлыңыз келіннің орнына қызтекені әкелсе, батаңызды бересіз бе?» — Ардақ Назаров
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың айтуынша, 8 сәуірде Астанада феминистер шеруі өтті, бұл күні тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өткізу жоспарланған болатын, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Azh.kz сайтына сілтеме жасап.
«8 сәуірде Астанада феминистер шеруі өтті. Бұл күні тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг болады деген. Бірақ олай болмады. Жиналғандар әйел теңдігін айтудан бастап, соңында гомосексуализмді насихаттады. Өрімдей балалар, арасында оқушылар да бар, ЛГБТ жалауын жамылып жүр. Жалпы соңғы кезде еліміздің ақпараттық кеңістігінде біржыныстық неке, гомосексуализм, жынысты ауыстыру секілді мәселелер еркін насихатталып жатыр. Насихаттаушылардың артында батыстың халықаралық ұйымдары тұрғаны да бәрімізге мәлім. Қазір менің осы депутаттық сауалым жарияланысымен-ақ өз қандастарымыз жағамнан алатынын біліп отырмын, «толеранттық», «төзімділік» деген сөздерді қалқан етіп, әлеуметтік желілерде қаралайды. Осындай азаматтарға айтарым: ертең сіздің ұлыңыз келіннің орнына еңгезердей қызтекені үйге ертіп келсе, немесе аялап өсірген қызыңыз еркекшорамен «отау құрып» жатса, толерантты болып батаңызды бересіз бе? Мұндай азғындық өз отбасыңызға келсе төзесіз бе?” – деді депутат.
фото: arbat.media