Шетелдіктерге күйеуге шыққан қыздарға салық салуды ұсынған депутат мандатынан айырылуы мүмкін
Қарақат Әбденді депутаттық мандатынан айыру туралы петиция жарияланды.
Петиция авторы – «НеМолчи.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі. Ол Қарақат Әбденнің әйелдердің құқықтары туралы конституциялық нормаларды сақтамайтынын алға тартты.
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден шетелдіктерге күйеуге шыққан қыздарға салық салуды ұсынған еді.
– Осы кезге дейін айтқандарымның бәрін, барлық идеяларымды, көтерген барлық мәселелерді кейінгі қызметімде де жалғастырамын. Қазір айтып отырған шетелдіктермен некеге тұруға салық салу ұсынысын әлі де ашу керек. Қалай жүргізілетінін түсіндіру керек. Неге енгізбеске? Әрине, қолдаймын, – деді депутат.