«Шетелдік некеге салық салуды неге енгізбеске?» — Қарақат Әбден
Қарақат Әбден елімізде шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу туралы ұсынысты қолдайтынын және бұл идеяны ары қарай дамытанын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Arbat.media сайтына сілтеме жасап.
Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, президенттікке экс-кандидат бұл ұсынысты қолдау үшін жұмыс істейтінін айтты.
Осы кезге дейін айтқандарымның бәрін, барлық идеяларымды, көтерген барлық мәселелерді кейінгі қызметімде де жалғастырамын. Қазір айтып отырған шетелдіктермен некеге тұруға салық салу ұсынысын әлі де ашу керек. Қалай жүргізілетінін түсіндіру керек. Неге енгізбеске? Әрине қолдаймын, – деді Қарақат Әбден.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Arbat.media Қарақат Әбден шетелдік азаматтарға күйеуге шыққан қазақ қыздарына салық төлеткізу керек деп айтқаны туралы жазды.
фото: kaz.nur.kz