Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына қайта тағайындалды
Президент Қасымжомарт Тоқаев 4 сәуірде Тамара Дүйсенованы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне қайта тағайындады.
Тамара Дүйсенова 1965 жылы Шымкент облысы, Сарыағаш ауданы, Ленинское ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Шымкент облысы Сарыағаш қаласының Ильич атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастаған.
- 1988-1992 жылдары Өзбек КСР Мемлекеттік Жоспары жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтында экономист болып жұмыс істеді.
- 1992-1993 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі болды.
- 1993-1994 жылдары «Перизат-Холдинг» компаниясының бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы жұмыс істеді.
- 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігі басшысының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
- 1994-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары болды.
- 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
- 1997-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.
- 1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
- 2002-2006 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып жұмыс істеді.