Ақтөбеде 2 жасар бала 5 қабаттан құлап кеткен

0

29 наурызда бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен екі жасар қыз құлап түсті. Ол ас үйдегі үстелдің үстіне мініп терезе алдына шыққан. Сол кезде қыздың анасы көрші бөлмеде болған, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

 «Құлау салдарынан жарақат алған қыз медициналық мекемеге жатқызылды», — делінген хабарламада.

фото: tengrinews.kz